
КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ
Биыл Ақтау қаласы білім бөлімі бойынша жаңадан ашылған мектептерде ұжым қызметкерлерімен облыстық және қалалық кәсіподақ ұйымдарымен кездесу жұмыстары ұйымдастырылып, құқықтық кеңестер берілді.
№31 ,№32, 33 жалпы білім беру мектептеріне оқушылармен бірге мұғалімдері де өз еріктерімен ауыстырылған болатын.
ҚР білім және ғылым министрінің 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығының 134-тармағы негізінде, жұмыс орнын ауыстырған мұғалімдерге конкурс қарастырылмаған. Осы жағдайда еңбек шартын тоқтату, басқа мектепке ауысу актілері, арыз, бұйрық, өкім, қабылдау еңбек шарты, хаттамалар, еңбек демалысы ұзақтығы, еңбекақы төлемін қалай ресімдеу керектігі түсіндірілді.
Міне,осы мақсатта мектеп басшылары мен ұжым қызметкерлері арасында бірқатар сұрақтар туындап, оларға еңбек заңнамасының нормалары аясында семинар мен әр мектепке түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Екінші өзекті мәселелердің бірі бір мектептен екінші мектепке ауысқан мұғалімдерге төленетін өтемақы бойынша жұмыскер мен жұмыс беруші тараптарынан түсінбеушіліктер орын алған болатын.
Әрине, мұндай жағдайда да кәсіподақ ұйымы тарпынан құқықтық кеңестер беріліп, Келісу комиссиясының отырыстары ұйымдастырылып, бүгінгі таңда 67 педагогқа өтемақы төлемі жүргізілетін болды.
Сонымен қатар бастауыш кәсіподақ құрылған білім беру мекемелерінде еңбек заңдылығының орындалуына қоғамдық бақылауды күшейтуге бағытталған жұмыстар жалғасын табуда.
Осындай қарқынды жұмыстардың нәтижесінде жаңадан ашылған білім беру мекемелеріндегі кәсіподақ мүшелерінің саны артып, толығуда.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық кәсіподақ филиалы.
-
Фотографии
-