
ҰСТАЗДЫҚ ЕТКЕН ЖАЛЫҚПАС
Абдуллина Шынар Мамырғажықызы - Талдықорған қаласындағы №12 орта мектеп-гимназиясында көп жылдық еңбек етіп, үлкен жетістіктерге жеткен музыка пәнінің мұғалімі. Сонымен қатар, Шынар Мамыргажиевна - кәсіподақ ұйымының төрайымы қызметін атқарып келеді.
Ол білімі жоғары, педагог-сарапшы ұстаз. Шынар Мамыргажиевнаның шәкірттері көптеген Халықаралық және Республикалық байқауларда жүлделі орындарды иеленуде.
Шынар Мамырғажықызы өткізетін іс-шаралар әрқашан ұқыпты ұйымдастырылуымен ерекшеленеді. Кәсіподақ жұмысын белсенді атқарып, әріпестеріне әрқашанда көмек көрсетуден аянбайтын сыйлы әріптес. Кез келген жұмысқа үлкен жауапкершілікпен қарайды.
«Қазақстандық Оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ 100 жылдығына орай -
көп жылдық еңбегі еленіп, «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Құрметті ұстаз, марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз жана берсін!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы