
ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Биылғы жұмысшы мамандықтар жылында еңбек адамдары-жұмысшы мамандық иелеріне үлкен қолдау мен мүмкіндіктер берілуде. Соның бір көрінісі – Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының кезектен тыс ХVІ Конференциясына мүшелік ұйымдардағы жұмысшы мамандық иелерінің делегат болып сайлануы. Олардың қатарында еден жуушы, ағаш ұстасы, күзетші, вахтер, комендант пен лаборанттар болды.
Жергілікті кәсіподақ төрағасы Ерұлан Мағзымбеков өз сөзінде кез келген жұмысшы мамандықтың қоғамдағы ерекше рөліне тоқталып, олардың еңбектеріне ризашылық білдірді.
- Жұмысшы мамандықтар жылында білім саласында еңбек етіп жүрген қарапайым жандардың да еңбегін елеу маңызды. Егер ұстаздар білімнің іргетасын қаласа, мектеп қабырғасындағы тазалық пен тәртіпті сақтаушы, жылу мен жарықты қамтамасыз етуші, оқу құралдарын дайындап, асханада дәмді тағам әзірлеуші – ол сіздерсіз. Ал мұның барлығы оқу процесіне тікелей әсер етеді. Сондықтан да, еңбек жолдарыңыз әрқашан жемісті болсын! Сіздерге зор денсаулық, толағай табыстар тілеймін! Бүгінгі марапат - сіздердің осы саладағы ерекше еңбектеріңізге деген құрметтің бір белгісі, - деген Ерұлан Сәбенұлы барлық 25 жұмысшы-делегатты Алғыс хатпен және сыйлықпен марапаттады.
Конференция соңында делегаттар алқалы басқару органы құрамында маңызды шешімдер қабылдау мүмкіндігіне ие болғандары үшін кәсіподақ ұйымына алғыстарын білдірді. Осылайша, Жергілікті кәсіподақтың кезектен тыс ХVІ Конференциясы Жұмысшы мамандықтар жылының аясында еңбек адамдарына көрсетілген құрмет пен қолдаудың жарқын көрінісі ретінде есте қалды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фотографии
-