
ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Кәсіподақтың негізгі мақсаттарының бірі - өз мүшелерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, жұмыскерлердің еңбек жағдайлары, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қағидаларын сақтауына жәрдемдесу болып табылады.
Осы орайда Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті Қызылорда қаласы бойынша білім беру мекемелеріне қоғамдық бақылау жүргізіліп, құқықтық көмек көрсетуде.
ҚР Еңбек кодексінің 155-бабы және әлеуметтік әріптестік туралы Қалалық келісім негізінде құқықтық қызмет жөніндегі еңбек заңдылығының сақталуына, келісімдер мен ұжымдық шарттың орындалуын қадағалап, көрсетілген талаптар бойынша зерделеу жұмысы жүргізілді.
Келісім комиссиясы, өндірістік кеңес және техникалық инспектордың жұмыс барысына бағыт-бағдар берілді.
-
Фотографии
-