
ЕСЕПШІЛЕРГЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының Сарысу аудандық комитеті филиалының ұйымдастырумен аудандық білім бөлімінің орталықтандырылған есеп бөлімі мен аудан аумағындағы білім және тәрбие беру мекемелері мен ұйымдарының есепшілеріне арналған «Еңбекақыны есептеудің тәртібі мен ерекшеліктері» тақырыбында семинар-практикум өтті.
Семинарда Жергілікті кәсіподақтың құқықтық инспекция жетекшісі Әлия Джолшибекова Қазақстан республикасы Еңбек және Салық кодекстерінің талаптары мен оларға енгізілген өзгерістер туралы түсіндірді. Ол өз сөзінде еңбек заңнамасын сақтаудың маңыздылығына тоқталып, білім беру мекемелерінің ерекшеліктеріне байланысты еңбекақы есептеу мен төлеуде туындайтын мәселелерді түсіндірді.
Семинар соңында қатысушылар алған білімдері мен тәжірибелері үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіріп, мұндай іс-шаралардың кәсіби деңгейді көтеруге және жұмыстағы қателіктерді болдырмауға септігі тиетінін айтты.
Іс-шара соңында қатысушылардың сауалдарына жауап беріліп, практикалық мысалдармен талдау жасалды.
Жамбыл облысы оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы.
-
Фотографии
-