
ҰСТАЗДЫҚ ПЕН ШЕБЕРЛІКТІҢ ҮЙЛЕСІМІ
Нүсіпова Шолпан Айдаржанқызы - еңбек жолын 1997 жылы Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, музыка мектебінде және Ж.Жабаев атындағы орта мектебінде музыка пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2006 жылдан бастап, Талдықорған қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының музыка пәнінің мұғалімі.
Шолпан Айдаржанқызы - білімді, іскерлігі мол, мамандыққа деген сүйіспеншілігі, жауапкершілігі бар шығармашыл ұстаз. Өз сабағында инновациялық технологияның әдістерін тиімді қолданады. Ұстаз оқушылардың дара ерекшелігін ескеріп, шығармашылық қабілетінің дамуына үлес қосуда. Шолпан Айдаржановна - ҚР Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚҚ-ның 2021 жылы Ұлттық біліктілік тестілеуге арналған тест тапсырмаларының сарапшысы болды.
Жетісу облысы бойынша «Өрлеу» БАҰО ұйымдастырған Талдықорған қаласының музыка пәні мұғалімдеріне арналған 2022-2024жылдар аралығында «Музыка пәні мұғалімінің кәсіби құзіреттіліктерін дамыту» тақырыбында тренерлік курстарын өткізіп жүр. Қазіргі танда Ш.Уәлиханов атындағы 10 орта мектеп-гимназиясының кәсіподақ ұйымының төрайымы.
Ұстаздың білім беру саласындағы тынымсыз еңбегі еленіп, жемісті еңбегі мен жоғары жетістіктері үшін түрлі марапаттарға ие болды.
«Қазақстандық Оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБ 100 жылдығына орай Нусупова Шолпан Айдаржановнаның - көп жылдық еңбегі еленіп, «Кәсіподақ ардагері» төсбелгісімен марапатталды.
Құрметті ұстаз - Шолпан Айдаржановна! Марапатыңыз құтты болсын! Еңбегіңіз жана берсін!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы