
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ
Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі, қалалық білім бөлімі ардагерлер кеңесі, қалалық кәсіподақ комитетінің ұйымдастырумен Ұлы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай, қазақтың ұлы ойшылы, ақыны және ағартушысының өмірі мен шығармашылығын дәріптеу, оның мол мұрасын насихаттау, сондай-ақ қала мектептері ардагерлерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында қала мектептері ардагерлері арасында өтетін «Жүрегімнің түбіне терең бойла...» атты сахналық қойылым байқауы өткізілді.
Байқауға ҚББ саласының ардагерлері , №№ 11, 101, 172, 176, 257, 268, 278 мектеп және "Күнекей" балабақша ардагерлері қатысты.
Бұл байқау – ұлы Абайдың шығармашылығына құрмет көрсету, ардагерлердің өмірлік тәжірибесі мен білімін жастарға үлгі ету, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен өнерді дәріптеуге бағытталған маңызды мәдени шара.
Нәтижесінде:
1 орынды №176 орта мектеп,
2 орынды №11 мектеп,
3 орынды №278 мектеп иеленсе,
№№101, 172, 257, 268 мектеп және "Күнекей" балабақша ардагерлері үздік өнер көрсеткені үшін Дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табыс етілді.
-
Фотографии
-