
ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ НАЗАРДА: КӘСІПОДАҚ ӨКІЛДЕРІ АРНАЙЫ БАЛАБАҚШАДА БОЛДЫ
Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының заңгерлері Александр Алимпиев пен Нұрлан Жетпісбай «Ақбота» сөйлеу тілінде күрделі бұзылыстары бар және көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнайы балабақшада болды.
Кездесу барысында кәсіподақ өкілдері мекеме қызметкерлерімен жүздесіп, олардың әлеуметтік және еңбек құқықтарының сақталуы мәселелеріне назар аударды. Заңгерлер ұжым мүшелерін қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, еңбек заңнамасына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, олар мекемеде қоғамдық бақылау өткізіп, еңбек жағдайлары, ұжымдық шарттың орындалуы, қызметкерлердің құқықтарының сақталуы сияқты маңызды аспектілерге баға берді. Бұл бақылау білім беру ұйымдарындағы еңбек қатынастарын жақсартуға және кәсіподақ мүшелерінің мүдделерін қорғауға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
Кәсіподақ заңгерлері осындай кездесулердің ұжым үшін маңыздылығын атап өтіп, алдағы уақытта да осындай шаралар жалғасын табатынын жеткізді.
-
Фотографии
-