
КӘСІПОДАҚ - ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР МҮДДЕСІН ҚОРҒАУШЫ ҰЙЫМ
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің бастауыш кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен «Кәсіподақтар ғылыми-педагогикалық қоғамдастықтың серіктестері ретінде» тақырыбында семинар өтті. Шара Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының жүз жылдығына және Ғылым күніне орай ұйымдастырылды.
Бұл басқосу білім және ғылым саласындағы кәсіподақ ұйымдарының рөліне, олардың ғылым мен педагогика саласындағы әріптестік қарым-қатынастарды нығайтуға арналды.
Семинарға университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері қатысты. Іс-шараны Cалалық кәсіподақтың Орталық комитеті өкілі Есбол Мұханбетқалиев ашып, білім және ғылым саласындағы кәсіподақтың рөліне ерекше тоқталды.
Есбол Мұханбетқалиев өз сөзінде кәсіподақтардың қызметі тек әлеуметтік қорғаумен шектелмей, педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыруға, лайықты еңбек жағдайларын қалыптастыруға және ғылыми қызметке жан-жақты қолдау көрсетуге бағытталғанын ерекше атап өтті.
Семинар барысында кәсіподақ ұйымының жоғары оқу орындарындағы қызметі, ғылыми-педагогикалық ұжым мен кәсіподақтың өзара байланысы, педагогтардың әлеуметтік кепілдіктері мен еңбек құқықтарын қорғау, сондай-ақ жас оқытушылар мен ғалымдарды қолдауға бағытталған бастамалар талқыланды.
Шара соңында қатысушылар пікір алмасып, кәсіподақ пен ғылыми орта арасындағы серіктестікті тереңдетудің жолдарын қарастырды.
-
Фотографии
-