
АЛҚАЛЫ ЖИЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ
Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы жылдық жұмыс жоспарына сәйкес көшпелі Атқару комитетінің отырысын өткізді.
Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылы, Д.Қонаев атындағы орта мектебінде өткен шараға Атқару комитетінің мүшелері, облыстық кәсіподақтың аппарат қызметкерлері, аудандық, қалалық филиалдардың есепшілері қатысты.
Алқару комитетінің отырысын облыстық ұйымның төрағасы Мэлс Төлепбергенов ашып, күн тәртібін көпшілікке таныстырып, жиынды жүргізді.
Алқалы жиынның күн тәртібінде облыстық кәсіподақтың2024 жылғы кәсіподақ мүшелігі және кәсіподақ органдары туралы статистикалық есептің қорытындысы, кәсіподақтың 2024 жылғы құқық қорғау жұмысының қорытындысы, Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының атқарған жұмысы туралы және ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Кәсіподақтың құрамы, мүшелік ұйымдар туралы облыстық ұйымның бас маманы Маржан Жұмабек баяндама жасап, жыл сайын жаңартылған базадағы өзгерістерді нақтылап, 2025 жылдың 1 қаңтарындағы қорытынды статистиканы таныстырды. Сала қызметкерлерін кәсіподақ мүшелігіне қабылдауда белсенділік көрсеткен ұйымдарды атап өтіп, жұмысты одан ары жандандыру керек екенін жеткізді.
Құқықтың жұмыстың өзектілігі мен нәтижесін облыстық ұйымның заңгер-кеңесшісі Әсет Қайырхан көпшілікке баяндады. Білім саласының қызметкерлері еңбекке ақы төлеу, еңбек шартын бұзу, еңбек/ұжымдық шарт жағдайларын орындау, өзгеде құқықбұзушылық туралы мәселелер бойынша өтініш, арыз-шағым түскенін жеткізіп, 100–ден астам ұстазға тегін заңгер кеңесі берілгенін айтты.
Көшпелі отырыста Кербұлақ аудандық кәсіподақ филиалының барлық бағыттары бойынша атқарған жұмысы талқыланды. Онда филиал төрағасы Жақан Дуанаев, есепшісі Гүлнар Иманбаева және бастауыш ұйымның төрағасы Салтанат Сатаева жан-жақты жасалған жұмыстарды көрсетіп, іс-номенклатурасын жүргізілуіне баса мән беріп, әріптестерімен өзара тәжірбие алмасты.
Сонымен қатар, облыстық ұйымның ішкі мәселелер талқыланып, қажетті қаулылар қабылданды.
Жетісу облыстық ұйымының баспасөз қызметі
-
Фотографии
-