
КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында Салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымы мен Жарма аудандық комитеті өкілдері Шар қаласындағы «Т.Көбдіков атындағы орта мектебі» КММ арнайы жұмыс сапарымен барып, ұжымда қызмет атқарып жүрген кіші қызметкерлермен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты ұжыммен қабылданған еңбек шартының орындалуы жайында және мекеме басшысы мен жұмыскерлердің арасындағы жеке еңбек шарттарының орындалуына қатысты мәселелерді талқылау болды.
Әрбір кіші қызметкердің жұмыс орындарында қолайлы еңбек қатынастарының сақталуы жайында жұмыс орындарымен танысып, соңынан жиын өткізіп, ашық әңгімелесу болды. Соңғы жылдары Абай облысы кәсіподақ ұйымы мен білім басқармасының арасындағы қабылданған келісім негізінде кіші қызметкерлерге кезекті еңбек демалысына шыққан кезде төленетін сауықтыру жәрдемақысының және кейбір қызметкелерге берілетін қосымша жеңілдіктердің орындалу мәселесі талқыланды. Кездесу барысында сала қызметкерлері өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайында пікірлерін ортаға салды.
Мектептің кіші қызметкерлері жұмыс берушінің талаптары заң шеңберінде екенін айтып, ешқандай наразылықтары жоқ екендігін жеткізді.
Жарма аудандық кәсіподақ ұйымы
-
Фотографии
-