
ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ДАУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Қалбалау ауылындағы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ акт залында салалық кәсіподақтың Абай облыстық ұйымының Жарма аудандық кәсіподақ комитеті білім мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымының келісу комиссиясы мүшелеріне арналған семинар өткізді.
Семинарға мектеп директорлары, балабақша меңгерушілері және қосымша білім беру мекемелерінің басшылары да қатысты. «Еңбек даулары, олардың туындау себептері, келісу комиссиясында еңбек дауларын шешу тәртібі» тақырыбында өткен семинарда Абай облыстық ұйымының құқықтық мәселелер жөніндегі бас маман Абдукаримова Нұргүл Назарбекқызы тақырыпқа байланысты жан-жақты ақпарат берді.
Кәсіподақ өкілі еңбек дауларының алдын алу, ұжымдағы Келісу комиссиясының рөлі туралы мәселелерге тереңірек тоқталды. Семинар барысында қатысушылардың өзекті сауалдарына жауаптар берілді. Семинар соңында қатысушыларға арнайы курстан өткендігі жайында сертификаттар табысталды. Сондай-ақ кәсіподақ қозғалысын дамытуға үдес қосып жүрген әріптестер марапатталды.
-
Фотографии
-