
БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ТАРТЫСТЫ ТУРНИР
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне орай Қызылордада Ә.Құдабаев атындағы №197 орта мектеп базасында қала мектептерінің білім саласы қызметкерлері, ардагер ұстаздар арасында волейболдан ашық турнир ұйымдастырылды.
Тартысты әрі қызықты өткен жарыс нәтижесінде келесі командалар жеңіске жетті:
І орын – «АУЫЛ» командасы
ІІ орын – «АҚМАРЖАН» командасы
ІІІ орын – «ОРТАЛЫҚ» командасы
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі, Қызылорда қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің медальдарымен, диплом және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Бұл спорттық шара қатысушыларға керемет көңіл-күй сыйлап, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұжымішілік ынтымақтастықты арттыруға үлкен үлес қосты.
-
Фотографии
-