
САЛА АРДАГЕРЛЕРІ АРАСЫНДА БАЙҚАУ
Қызылорда облысының Шиелі ауданының орталығында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Ұлы Абай әлемі – мәңгілік мұра» тақырыбында облыстық байқау болып өтті.
Білім саласы ардагерлерінің арасында өткізілген аталмыш байқауға қала және барлық аудандардан қатысушылар тартылып, Ұлы ақынның қара сөздерінен, өлеңдері мен әндерін орындаудан бәсекелесті. Ұрпақтар сабақтастығы сахналанған сайыста аға буын өкілдерінің өнері сарапқа салынып, үздіктері анықталды.
Байқау нәтижесі төмендегідей:
Бас жүлде иегері: Қ.Малимбаев, Арал ауданы;
І-орын: А.Бекжанова, Шиелі ауданы;
II-орын: В.Суйеубаева, Қармақшы ауданы;
III-орын: Қ.Молдаш, Сырдария ауданы және Ж.Ібішев, Жаңақорған ауданы;
Номинация иегерлері:
«Қара сөздің қас шебері» - Ш.Башенов
«Абай әнін шебер орындаушы» - С.Құлбатыров
«Үздік сахна шебері» - Ұ.Ахметова
«Көрермендер көзайымы» - О.Мұстафаева
Осылайша ұстаздар арасында Ұлы Абайдың мерейтойлық жылына арналған іс-шарасы танымды, әрі тартысты өтті.
-
Фотографии
-