
ТЕМІР АУДАНЫНЫҢ КІШІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ САРЫАҒАШТА ДЕМАЛУДА
Ақтөбе облысының Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының қолдауымен 50-ге жуық кіші қызметкер Сарыағаш өңіріндегі емдеу-сауықтыру орталығында демалуда. Бұл игі бастама – білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген қызметкерлерге жасалған ерекше қолдау мен құрметтің көрінісі.
Кәсіподақтың бастамасымен ұйымдастырылған демалыс барысында қызметкерлер минералды суымен, шипалы климатымен танымал Сарыағаш өңірінің емдік шараларынан өтіп, денсаулықтарын нығайтуда. Бұл шара тек денсаулықты жақсарту ғана емес, сонымен қатар, көп жылғы еңбекті бағалау, ынталандыру мақсатында қолға алынған.
Айта кетейік, Темір ауданының білім саласына сүбелі үлес қосып жүрген үздік мамандар Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына және Жұмысшылар жылына орай өткен салтанатты шарада арнайы марапаттарға ие болды. Бұл марапат — білім саласы қызметкерлерінің адал еңбегіне деген зор құрметтің белгісі.
Темір аудандық кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да өз мүшелерін қолдау мен ынталандыру бағытындағы игі бастамаларын жалғастыра бермек...
-
Фотографии
-