
ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚҰРМЕТ
Биылғы жұмысшы мамандықтар жылында еңбек адамдары - жұмысшы мамандық иелеріне үлкен қолдау мен мүмкіндіктер берілуде. Соның бір көрінісі - Жетісу облысы, Талдықорған қаласындағы №4 орта мектебі директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары Нұрбосынова Сәуле Ілімғалиқызы.
Көп жылдар бойы Сәуле Ілімғалиқызы міндетін мінсіз атқарып, өз жұмысына деген жауапкершілігін көрсете білді. Мектеп ұжымымен тіл табысып, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор бола біледі.
Белсенді жұмысымен көзге түскен Сәуле Нұрбосынованы бастауыш кәсіподақ ұйымы «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек адамы» төсбелгісіне ұсынды.
Білім саласына 40 жылын арнаған Сауле Ілімғалиқызының сіңірген еңбегі, жасаған жұмысы бағаланып, еңбек ұжымының алдында Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалының төрағасы Айым Ерікқызы және №4 орта мектептің директоры Алтыншаш Байгенженова құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, «Еңбек адамы» төсбелгісін табыс етті.
Сауле Нұрбосынова да өз кезенінде алғысын білдіріп, еткен еңбектің бағаланатынын айтып, әріптестеріне барлық жақсылықты тіледі.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы