
БАЙРАҚТЫ БӘСЕКЕ КӘСІПОДАҚТЫҢ 100 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛДЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім беру қызметкерлерінің Тарбағатай аудандық кәсіподақ ұйымы Салалық кәсіподағының 100 жылдығы мерейтойы аясында кәсіподақ мүшелері арасында «Ойлылар ойыны» яғни, дойбы шахмат, тоғызқұмалақтан жарыс ұйымдастырды. жарысқа 21 білім беру ұйымынан 84 ойыншы қатысты.
Сайыс қорытындысы бойынша:
Дойбы (қыздар): I - орынды Қ.Ақынов атындағы орта мектебінен Ж. Мустафаина; II – орынды С.Көбеев атындағы мектеп-балабақша кешенінен Г.Журтбаева; III – орынды Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінен М.Дузбаева. Дойбы (ұлдар): І - орынды М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернет-колледжінен Е.Қанафин; ІІ - орынды Құйған орта мектебінен Е.Умаров; ІІІ - орынды А.Байтұрсынов атындағы орта мектебінен Қ.Биха иеленді.
Шахмат (қыздар): І - орынды Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінен Ш.Қожахметова; ІІ - орынды М.Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінен Ж.Ерболова; ІІІ - орынды Абай атындағы орта мектебінен Н.Акибаева. Шахмат (ұлдар): І - орынды Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінен Е. Қанапиянов; ІІ - орынды Абай атындағы орта мектебінен Ә.Жұмағазин; ІІІ - орынды Т.Тоқтаров атындағы орта мектебінен Б.Садуов пен Ш.Уәлиханов атындағы орта мектебінен А.Егінбаев үздіктер қатарынан көрінді.
Тоғызқұмалақ (қыздар): І - орынды Абай атындағы орта мектебінен Ж. Шакенова; ІІ - орынды Жаңаталап орта мектебінен Г.Темирханова; ІІІ - орынды Қ.Билялов атындағы мектеп-лицейінен Б.Ережепова пен Асусай мектеп-балабақша кешенінен А.Қызырбекова иеленді. Тоғызқұмалақ (ұлдар):
І - орынды Абай атындағы орта мектебінен Қ. Қосын; ІІ - орынды Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінен Е.Икласов; ІІІ - орынды К.Төгісов атындағы орта мектебінен Н.Нұрмұханов иеленді.
Мерейтойлық шаралар аясында өткізілген «Ойлылар ойыны» жарысы, білім беру қызметкерлерінің бірлігі мен ынтымағын нығайтып, олардың кәсіби қызметіне жаңа серпін берді. Салауатты өмір салтын ұстануға шақыратын, зияткерлік ойындарға қызығушылықты арттыратын мұндай шаралардың маңызы зор.
-
Фотографии
-