
АЛМАТЫДА ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУДІҢ ҮЗДІК ПЕДАГОГТАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
Алматы қаласы Наурызбай ауданына қарасты Инновациялық шығармашылық орталығының бастауыш «Ұстаз» кәсіподағы ұйымының бастамасымен «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұжым педагогтары арасында «Үздік қосымша білім беру педагогы - 2025» байқауы болып өтті. Алғаш рет ұйымдастырылып отырған бұл байқау қосымша білім беру қызметкерлерінің кәсіби қызметтерін жетілдіру, олардың шығармашылық ізденістерін қолдауды мақсаттады.
Байқау нәтижесінде: авиамодельдеу үйірмесінің педагогы Әміржан Қанат Сержанұлы – І дәрежелі дипломмен, көркемсурет студиясы «Өрнек» үйірмесінің педагогі Қадір Асел Дәулетқызы – ІІ дәрежелі дипломмен, дзюдо үйірмесінің педагогі Құлжанов Ерболат Хасанұлы, эстрадалық вокал үйірмесінің педагогі Аралбаева Ғалия Касымбекқызы – ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса; аквапоника үйірмесінің педагогі Ошанбай Айгерім Ошанбайқызы, айтыс үйірмесінің педагогі Айтбай Мөлдір Әбдуманапқызы және каратэ үйірмесінің педагогі Оразалиев Ержан Абсатұлы байқауға белсенді қатысқандары үшін атаулы дипломдармен марапатталды.
Жүлдегер педагогтардың жаңашыл идеяларын қолдап, өнерлерін бағалау, оларды ынталандыру мақсатында кәсіподақ атынан ақшалай сертификаттар табысталды. Ұстаздардың шабытын оятқан бұл байқауды алдағы уақытта дәстүрлі өткізіп отыру жоспарлануда.
-
Фотографии
-