
ТҮРКІСТАНДА КӘСІПОДАҚ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН МАҢЫЗДЫ ШАРАЛАР ӨТТІ
Түркістан қаласында Салалық кәсіподақтың Түркістан облыстық ұйымының ұйымдастыруымен кәсіподақ мүшелері мен белсенділеріне арналған екі ауқымды іс-шара өтті.
«Ақжайық» музыкалық мектебінде өткен алғашқы шара – келісу комиссиясы мүшелеріне арналған кәсіби оқыту семинары болды.
Семинардың басты мақсаты – еңбек дауларының алдын алу, оларды тиімді шешу жолдарын үйрету, еңбек заңнамасы мен келіссөз жүргізу мәдениетін жетілдіру болды.
Семинарға жалпы 60 адам қатысты:
36 қатысушы оффлайн форматта Түркістан қаласында,
24 қатысушы Шардара ауданынан Zoom платформасы арқылы онлайн қосылды.
Оқыту барысында қатысушылар еңбек дауларының мәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері, келісу әдістері бойынша теориялық және практикалық білім алды. Кейс-талдаулар мен жаттығулар арқылы нақты жағдайларды шешу дағдылары қалыптастырылды.
Семинарға Салалық кәсіподақтың құқықтық және ұйымдастыру жұмыстары бөлімдерінің басшылары Р.Қыдырбаева мен Е.Иманбаев қатысып, сөз сөйледі.
ШараныТүркістан облыстық ұйымының төрағасы Ж. Шайдулла ашып, еңбек ұжымдарындағы келісім мен әділеттіліктің маңыздылығы туралы айтты. Қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды.
Екінші шара «Бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жүйелеу: ұйымдастыру тетіктері» тақырыбына арналды.
Е.Иманбаев бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары мен белсенділеріне ұйымдастырушылық жұмыстың заманауи формалары, кадрлық резервті қалыптастыру, жас кәсіподақ мүшелерін тарту жолдары туралы баяндады. Ашық пікір алмасу барысында өңірлік ұйымдардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, нақты кеңестер берді.
Басқосуда бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жұмысын жетілдіру жолдары, кәсіподақ белсенділерін оқыту және дамыту, жас мамандарды кәсіподақ жұмысына тарту, ұйымішілік бірлік пен корпоративтік мәдениетті нығайту мәселелері талқыланды.
-
Фотографии
-