
ҚАУІПСІЗ ЕҢБЕК - БАСТЫ НАЗАРДА
Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай білім беру ұйымдарының бастауыш кәсіподақ ұйымының қолдауымен семинарлар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты — еңбек қауіпсіздігін сақтау, қызметкерлердің құқықтарын қорғау және қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастыру мәселелеріне назар аудару болды. Семинар барысында еңбекті қорғауға қатысты заңнамалар, қауіпсіздік талаптары мен еңбек мәдениетін арттыру жолдары талқыланды.
Шараға аудан мектептерінің қызметкерлері қатысып, тәжірибе алмасып, өз ойларын ортаға салды. Ұйымдастырушылар еңбек қауіпсіздігін сақтау әр қызметкердің басты міндеті екенін ерекше атап өтті.
-
Фотографии
-