
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ КҮНІНЕ ОРАЙ АУҚЫМДЫ ШАРАЛАР ӨТТІ
Дүниежүзілік еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау күні - әрбір жұмысшының өмірі мен денсаулығы басты құндылық екенін еске салатын маңызды халықаралық күн.
Қызылорда қаласы бойынша білім бөліміне қарасты білім беру мекемелерінде 28 сәуір - Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орай әрбір жұмыс орнында қызметкердің өмірін, денсаулығын және еңбекке қабілеттілігін, еңбек жағдайларын сақтау үшін күш-жігерін біріктіру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында “Еңбек еткен - мұратқа жеткен” , “Спорт татулық пен денсаулық кепілі” атты эстафеталық сайыстар, “Еңбек адамы - ел мақтанышы” тақырыбында қарапайым жұмысшы адамдармен кездесу кеші, түрлі іс-шаралар, семинарлар, тренингтер ұйымдастырылып, еңбек қорғау мәдениетін қалыптастыруға ерекше көңіл бөлінуде.
-
Фотографии
-