
ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ СПАРТАКИАДА
24-25 сәуір күндері Қарағанды облысының білім басқармасы, «Сарыарқа дарыны» АҒПО бірлесіп Салалық кәсіподақтың Қарағанды облыстық ұйымының ұйымдастыруымен колледж оқытушылары арасында ең үздік бес спорт түрі - тоғызқұмалақ, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, шағын футболдан спартакиада өтті.
Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдығына арналған байрақты жарысқа жиырма үш команда қатысып. бақ сынады.
Жарыстың ашылуына ҚР Федерациясы Заң клиникасы филиалының басшысы С.Шардарбекова, "Сарыарқа дарыны" АҒПО директорының орынбасары А.Какетаев, «Білімді ел» республикалық газетінің бас редакторы Л.Түркістанова, Қарағанды облысы Білім басқармасының техникалық және кәсіптік білім бөлімінің бас маманы К.Алданыш Кенже, кәсіптік техникалық білім беру ардагері Ж.Мағзиев, спорт шебері, екі дүркін Еуропа чемпионы Д.Балтабай, жоғары политехникалық колледж директоры Ж.Рахимова қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық есептегі орындар келесідей бөлінді:
А.Құнанбаев атындағы Саран гуманитарлы-техникалық колледжі I орын,
Қарағанды жоғары политехникалық колледжі II орын.
Теміртау жоғары политехникалық колледжі III орын иеленді.
Олар құрметті тұғырға лайықты көтеріліп, әдемі ойын мен командалық рухты көрсетті.
Жалпы командалық есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының облыстық ұйымының кубоктарымен, I, II, III дәрежелі дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.
Облыстық спартакиада спорттық шайқастарға арналған алаңға ғана емес, оқытушылар арасындағы қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуға арналған орынға айналды.
Облыстық спартакиаданың жеңімпаздары 2025 жылы 2-7 маусымда Алматы қаласында өтетін республикалық техникалық және кәсіптік білім беру қызметкерлері арасындағы спартакиадаға қатысатын болады.