
КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫ АРАСЫНДА ВОЛЕЙБОЛ ЖАРЫСЫ
Көкпекті ауданы білім мекемелерінің кәсіподақ ұйымы арасында Салалық Кәсіподақ ұйымының 100 жылдығына орай волейбол жарысы өткізілді.
Жарыстың негізгі мақсаттары:
-Салалық кәсіподақ ұйымының мәртебесін көтеру;
- Мұғалімдердің денсаулығын, белсенділігін нығайту; ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау;
-Салауатты өмір салтын насихаттау.
Аудандық жарысқа ауданымыздың 9 білім мекемелерінің кәсіподақ ұйымдарынан 72 қатысты. Ойын халықаралық ереже бойынша өтті. Жалпы басшылықты Көкпекті ауданының білім мекемелерінің аудандық кәсіподақ ұйымы жасады. Жарыстың өткізілуі төрешілер алқасына жүктелді. Жарыс Көкпекті ауданының Көкпекті орта мектебі және Ж.Шайжүнісов атындағы мектепте өткізілді. Жарыс өте қызықты өтті.
Жүлделі орын алған командалар мадақтама, кубок , сертификаттармен марапатталды.
1 орын – Көкжайық орта мектебінің командасы
2 орын- Көкпекті орта мектебінің командасы
3 орын – Абай атындағы «Мектеп- балабақша кешені» және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептердің командалары ұтып алды.
«Үздік шабуылшы» «Үздік» қорғаушы», «Үздік байланыстырушы» номинация жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Көкпекті аудандық ұйымы