
ҰЖЫММЕН АШЫҚ ДИАЛОГ - ТИІМДІ ЕҢБЕК ОРТАСЫ
Шалқар аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Гүлсайра Құлекенова Бершүгір орта мектебі мен «Балбұлақ» бөбекжай-бақшасына барып, білім беру мекемелеріндегі еңбек жағдайларына қоғамдық бақылау жүргізді.
Басты мақсат – білім беру саласы қызметкерлері үшін заманауи, қауіпсіз әрі қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, еңбек қауіпсіздігі мен еңбек заңдылығының сақталуын қадағалау болды.
Қоғамдық бақылау барысында еңбек заңнамасының қолдану ерекшеліктері мен кәсіподақ мүшелерінің құқықтарын қорғау мәселелері талқыланып, ұжыммен ашық форматта кездесу өткізілді. Еңбек қорғау мен қауіпсіздік талаптарының орындалу деңгейіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында бастауыш кәсіподақ ұйымдарының қызметі, ұжымдық шарт талаптарының орындалуы, еңбек шарттарының жүргізілу тәртібі туралы кеңінен түсініктеме беріліп, әдістемелік кеңестер ұсынылды.
-
Фотографии
-