
ШЕТ АУДАНЫНДА ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДЫ ЕСКЕ АЛУ ТУРНИРІ ӨТТІ
Шет ауданындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп- гимназиясында ұзақ жылдар бойы ұлағатты ұстаз, мектеп директоры қызметін және 2019 жылдан бері өмірінің соңына дейін «Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ Шет аудандық комитеті филиалының төрағасы, аудандық мәслихаттың VIIІ шақырылымының депутаты, Шет ауданына еңбегі сіңген азамат Биғожин Қайрат Ерболатұлын еске алуға арналған Шет ауданы мұғалімдер арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды.
Ұйымдастыру алқасы:
«Қазақстандық оқу- ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Қарағанды облыстық ұйымы» ҚБ Шет аудандық комитетінің филиалы,
Шет аудандық мәслихатының депутаттық корпусы,
Қайрат Ерболатұлының үзеңгілес жора - жолдастары, достары.
Жарыстың қорытындысы бойынша
І орынға «Жамбыл Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясы» КММ
ІІ орынға Жарық ЖББМ
ІІІ орынға Ы. Алтынсарин атындағы (РО) тірек мектебі иеленді.
Басқа да қатымушылар «Ардагер спортшы», «Үздік ойыншы», «Үздік шабуылдаушы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік байланыстырушы» номинациялары бойынша марапатталды.
ҚБ Шет аудандық кәсіподақ комитеті