
ЕРЛІК ЕЛГЕ МҰРА - ҰРПАҚҚА ҰРАН
Бүгін 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күні мерекесіне орай Қызылорда облысының Қармақшы аудандық білім бөлімі мен аудандық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен Ауған соғысы ардагерлері және білім саласы қызметкерлеріне арналған құттықтау іс-шарасы өтті.
Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Абдазиева Гульзира Мажитқызы ер ұстаздар қауымын қос мерекемен құттықтап, бұл айтулы күндердің мән-маңызына тоқталды. Шара барысында ауданның білім саласының дамуына елеулі үлес қосып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып жүрген ұстаздар және қызметкерлерді аудандық білім бөлімі және аудандық кәсіподақ комитетінің «Алғыс хатымен» марапаттады.
Мерекелік кеште аудандық өнер мектебінің өнерпаздары өз өнерлерін көрсетіп, мерекенің ажарын аша түсті.
-
Фотографии
-