
КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ
Қарағанды облысының Қарқаралы аудандық кәсіподақ комитетінің отырысы өткізілді.
Жиында күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі ұжымдық шарт талаптарының орындалысы, сондай-ақ білім саласы қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы мүшелерімен жазғы сауықтыру жұмыстарын ұйымдастыру мәселелелері бойынша жан-жақты талқыланып, іс-шаралар жоспары қабылданды.
Сонымен қатар кәсіподақ жұмысын ұйымдастыруда туындағын сұрақтар, пікір алмасулар бойынша жан-жақты түсіндіріліп, сұрақтар бойынша жүйелі жауаптар берілді.
Жиынды қорытындылаған комитет төрағасы А.Секербайулы кәсіподақ мүшелерін оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіподағының 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, мерейтой қарсаңында кәсіподақ жұмысына қосқан үлестері үшін кәсіподақ белсенділерін «Оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің кәсіподағанына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, республикалық, облыстық, аудандық кәсіподақ комитетінің Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталарымен, сонымен қатар облыстық «Техникалық инспектор» байқауының ІІ орын жеңімпазы Матақ ауылының №15 жалпы білім беретін мектебінің еңбекті қорғау жөніндегі техникалық инспекторы Қанат Рымханұлы мен облыстық «Үздік бейнеролик» байқауының ІІ орын иегері Бүркітті ауылының №20 орта мектептің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағасы Алмагүл Сәулегұлқызы және XXV облыстық көркемөнерпаздар фестивалінің «Үздік хор» номинациясының иегері Қарқаралы қаласының академик Орынбек Жаутыков атындағы №1 жалпы білім беретін мектеп ұжымын марапаттады. Осындай іс-шаралардың ұйымдастыруына және қатысуына ұйытқы болып отырған білім беру ұйымының бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларына және Хор ұжымына жетекшілік жасаған ардагер ұстаз Ғосман Жамелұлына алғыс білдірілді.
Қарқаралы ауданының кәсіподақ комитеті
-
Фотографии
-