
САЛАЛЫҚ КӘСІПОДАҚҚА – 100 ЖЫЛ: Бірліктің, ұйымшылдықтың және сенімнің жарқын көрінісі!
2025 жылдың 6 мамырында Түркістан облысы Кентау қаласының Қарнақ ауылында орналасқан «URKER» мектебінің жазғы сауықтыру демалыс орнында ғасырлық тарихы бар Салалық кәсіподақтың 100 жылдығына арналған ерекше форматтағы тимбилдинг шарасы өтті. Бұл маңызды іс-шара сондай-ақ Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кентау қаласының 70 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келіп, үш бірдей тарихи кезеңді ұлықтады.
Тимбилдинг – бұл жай ғана ойын емес, бұл – ұйымшылдықты, әріптестік пен достықты дәріптейтін, кәсіподақ мүшелерінің ауызбірлігі мен белсенділігін көрсететін ауқымды алаң болды.
Шараға Кентау қаласындағы 16 бастауыш кәсіподақ ұйымы қатысып, әр ұйымнан құралған командалар өздерінің мықтылығын, шымырлығын және ең бастысы – ұйымшылдығын көрсетті.
Тимбилдингтің басты ұраны:
“Ұйымшыл ұжым – ұлы жеңіске бастайды!”
Шараның салтанатты ашылуында қатысушыларды атаулы мерекемен Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулла және Кентау қалалық кәсіподақ комитетінің төрайымы Манат Таукеева арнайы құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тілеп: - «Бұл шара тек спорттық сайыс емес, ол ортақ мақсат жолындағы ынтымақ пен рухтың, серіктестік пен бірліктің салтанатыны. Әрбір қатысушы өз ұжымының намысын қорғап қана қоймай, бірлік пен достықтың маңызын нақты іс жүзінде көрседі. Бүгінгі күні әр қатысушы – жеңімпаз! Әр команда – бірлік пен күштің көрінісі”, - деп атап өтті.
Сайыс бағдарламасы мазмұнды әрі қызықты өтті. Командалар әр түрлі жарыс бойынша сынға түсті:
• Арқан тарту – бұл сайыста командалардың күш пен бірлікке негізделген командалық рухы бағаланды;
• Тас көтеру – қатысушылардың дене дайындығы мен төзімділігі сынға түсті;
• Садақ ату – дәлдік пен зейінді қажет ететін бұл спорт түрі ерекше тартысты өтті;
• «Біз біргеміз» атты эстафета – шапшаңдық пен ұйымшылдықты паш ететін командалық жарыс;
• Көңілді эстафета – жеңіл әрі күлкі мен шаттыққа толы сайыс, қатысушылар мен көрермендердің көңілінен шықты.
Тимбилдинг қорытындысы бойынша үздіктер анықталды:
• Бірінші орынды – «Қашғари қырандары» командасы
• Екінші орынды – «Өнерлі ұстаздар» командасы
• Үшінші орынды – «Жас қыран» командасы иеленді.
Қалған 13 команда әртүрлі номинациялар бойынша марапатталып, әрқайсысына сертификаттар мен дипломдар табысталды.
Бұл шарадан шыққан негізгі ой – бірлігі бекем ұжым барлық биікті бағындыра алады.
Бірлігі жарасқан ұжым – үлкен жетістікке жетеді.
Кәсіподақ мүшелерінің осындай ұйымшыл, сергек және белсенді болуы – еліміздің болашағына қосылған үлкен үлес. Алда бұдан да жарқын істер, табысты жобалар мен ұмытылмас шаралар күтіп тұр!