
ЕҢБЕК АДАМЫ
Ұзақ жылдар бойы білім мен тәрбиенің жүгін абыроймен арқалап келе жатқан еңбек адамы – Екпетал мектеп-балабақшасының дене тәрбиесі пәні мұғалімі Бисембин Нұрлан Кеңесұлы.
Білімге деген ұмтылысының арқасында Нұрлан Кеңесұлы 1985-1987 жылдары Ресейдің Орынбор қаласындағы Покровское совхоз-техникумында білім алып, алғашқы еңбек жолын 1987 жылы Ойыл орман шаруашылығында ауылдық клуб меңгерушісі қызметінен бастады. Бұл салада 13 жыл еңбек етіп, ауыл мәдениетінің дамуына өз үлесін қосты.
Ұстаздық жолға түскен Нұрлан Кеңесұлы 2001-2006 жылдары Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтында сырттай оқып, дене тәрбиесі мамандығын меңгерді. 2000 жылдан бастап Екпетал мектеп-балабақшасында дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі болып табанды еңбек етіп келеді.
Еңбегі елеусіз қалған емес. Ұстаз түрлі деңгейдегі марапаттарға ие болған. ҚР Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хаты, Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Құрмет грамотасы, сондай-ақ облыстық және аудандық марапаттар – оның ұзақ жылғы адал еңбегінің дәлелі.
Нұрлан Кеңесұлы – өзінің қарапайым болмысымен, тынымсыз еңбегімен, шәкірттеріне үлгі бола білген нағыз еңбек адамы.
-
Фотографии
-