
БҮГІНГІ КҮННІҢ БАСТЫ ТРЕНДІ
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында жасанды интеллектіні дамыту ісіне баса назар аудару керек екенін айтты. Бүгінгі күнде жасанды интеллект бойынша барлық өнірде ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Осы бағытта «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігі мен «ABM Education Grour» білім беру орталығы бірлесіп, «Жасанды интеллект мүмкіндіктерін педагогикалық тәжірибеде қолдану» атты семинар-тренинг өткізді.
Оған облыстық кәсіподақ ұйымының аппарат қызметкерлері, бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағалары қатысып, білімдерін толықтырды.
Шара барысында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің докторанты және оқытушысы, «ABM Education Grour» білім беру орталығының директоры Айжан Адамбекова жасанды интелекттің мүмкіндіктері мен қолжетімді тұстарын жан-жақты көрсетіп, білім беру барысында оқушылардың қызығушылықтарын арттыруға бағытталған бірқатар программамен таныстырды.
Сонымен қатар, семинар барысында практикалық жұмыс жүргізіп, барлық қатысушыларға жеке-жеке түсіндірді.
Семинар соңында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мэлс Төлепбергенов жасанды интеллектің адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын айтып, заманауи трендтен қалыспауға шақырды. Семинар тренері Айжан Маманқызына алғысын білдіріп, кәсіподақ белсенділеріне семинар-тренингке қатысқаны үшін сертификат табыс етті.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ баспасөз қызметі
-
Фотографии
-