
КӘСІПОДАҚ – АЙҚЫН МАҚСАТ ЖОЛЫНДА: БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА АУМАҚТЫҚ ЖИЫНДАР ӨТТІ
13 және 14 мамыр күндері Батыс Қазақстан облысының Ақжайық және Бөрлі аудандарында «Кәсіподақ – айқын мақсат жолында» атты аумақтық жиындар өтті. Шараның негізгі мақсаты – әлеуметтік әріптестікті дамыту, кәсіподақ жұмысын жетілдіру және ұйым мүшелерінің белсенділігін арттыру болды.
Батыс Қазақстан облыстық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподағының төрағасы М.Даупаев екі жиынның алғысөзін сөйлеп, кәсіподақтың басты мақсаты – ұйым мүшелерінің заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау және еңбек жағдайларын жақсарту екенін атап өтіп, қатысушыларды еңбек қатынасына қатысты сұрақтар қойып, белсенділік танытуға шақырды.
Жиындарға Бөрлі, Шыңғырлау, Теректі, Қаратөбе, Бәйтерек, Сырым, Ақжайық, Жаңақала, Бөкей Ордасы, Казталов, Жәнібек және Тасқала аудандарынан білім беру бөлімдерінің басшылары мен қаржыгерлері, мекеме басшылары, кәсіподақ төрағалары – барлығы 250-ге жуық адам қатысты.
Шараға арнайы шақырылған Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Р.Қыдырбаева педагогтарды аттестаттау ережелері мен шарттарына енгізілген негізгі өзгерістер туралы және ұйымдастыру-кадр жұмыстары бөлімінің басшысы Е.Иманбаев Салалық кәсіподақтың жұмыс бағыттары бойынша ақпарат берді.
Екі аумақта өткізілген кездесу барысында жұмыс берушілердің және кадр тапшылығана байланысты қосымша жұмыс атқарып отырған қаржыгерлердің еңбекақыларын көтеру туралы ұсыныстары тыңдалды, әр сұраққа заң аясында толық кеңес берілді. Көкейде жүрген сұрақтарына жауап алған қатысушылар ризашылықтары мен алғыстарын білдірді. Мұндай ашық диалог жұмыс берішілер мен кәсіподақ мүшелері арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, ортақ мәселелерді шешуге мүмкіндік берді.
Түскі үзілістен кейін жиын жұмысы аудандық кәсіподақ комитеті - филиалдарына әдістемелік көмек көрсету бағытындағы іс-шаралармен жалғасты. Бұл бөлімде салалық мамандар жергілікті кәсіподақ өкілдеріне құжат жүргізу, ұйымдастыру және кадр жұмысы бойынша кеңестер беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті.
-
Фотографии
-