
СЕМИНАР ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
15 мамыр - Отбасы күніне орай Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен А.Хангелдин атындағы № 179 орта мектеп базасында Әйелдер кеңесі төрайымдарына арналған «Отбасы - тәрбие мен мейірім мекені» атты семинар өткізілді.
Мақсаты: мектеп, ата-ана, ұстаздың ынтымақтастығында сапалы білімді, саналы тәрбиелі, бәсекеге қабілетті, жаңа заман талабына сай, салауатты ұрпақ тәрбиелеу;Анаға деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу. Мекемелер арасында мұғалімдердің шығармашылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін шыңдау, тәжірибе алмасу, ұстаздар арасындағы қарым-қатынасты нығайту.
Семинарда №280 орта мектеп психологы Қ.Жидебаева “Отбасы құндылығы - сарқылмас қазына” тренинг, №43 орта мектеп мұғалімі А. Умирсерикова, №10 мектеп-лицей мұғалімі Г. Бодеева, №138 орта мектеп мұғалімі А. Имангалиева «Шын көңілмен!» біріктірілген шеберлік сағатын, №197 орта мектеп мұғалімі А. Абдиева, №261 орта мектеп мұғалімі А.Абдиева «Отбасы құндылықтары: кеше, бүгін, ертең» коучинг, №179 орта мектеп мұғалімі С. Айкупешева, №280 орта мектеп кітапханашысы С. Рысбаева «Қыз - еркем, анасымен -көркем» отбасылық байқауын өткізді.
Байқау жеңімпаздарына, семинарда белсенді қатысқан әйелдер кеңесі төрайымдарына Қызылорда қалалық білім бөлімі мен қалалық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің Дипломы мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
-
Фотографии
-