
ЖҰМЫСШЫ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ
Қоғам дамуының негізінде тек ірі салалар мен технологиялық жетістіктер ғана емес, күн сайын көзге көрінбей еңбек ететін қарапайым мамандардың үлесі де жатыр. Солардың бірі – кіші қызметкер. Бұл мамандық иелері мекемелердің тыныс-тіршілігіне тікелей әсер етеді. Қ.Асқарова
Алматы қаласындағы №167 ЖББ мектебінде 2006-2007 оқу жылынан бастап кіші қызметкер ретінде қызмет атқарады.
Ол өзінің еңбек жолында тазалық пен тәртіптің сақталуына, мекемеде жұмыс істейтін адамдардың жайлы және қауіпсіз ортада жұмыс істеуіне үлкен үлес қосып келеді. Ол мектептің ішкі тәртібі мен тазалығына жауап береді. Кіші қызметкер ретінде оның күнделікті міндеттеріне ғимараттың тазалығын сақтау, сыныптарды, дәретханаларды жинау, сондай-ақ мектептің басқа да бөлмелерін таза ұстау кіреді. Оның жұмысы — мектептің таза әрі жайлы болуына ықпал етіп, балалар мен мұғалімдердің салауатты ортада білім алуына мүмкіндік береді. Қорлан үшін тазалық тек физикалық жұмыс емес, бұл оның адалдығы мен жауапкершілігінің көрінісі.
Ол әрқашан уақытылы және сапалы түрде өз міндеттерін атқарып, мектеп ұжымына үлкен көмек көрсетеді. Оның еңбекқорлығы мен ұйымшылдығы, сондай-ақ әріптестеріне деген құрметі ерекше бағаланады.
Қорлан – біздің кәсіподақтың белсенді мүшесі. Қоғамдық жұмыстың жаңашыры. Қорлан Асқарова сияқты мамандардың жұмысы – біздің күнделікті өміріміздің маңызды бөлігі. Олар бізге таза әрі ыңғайлы ортада өмір сүруге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде оқушылар мен мұғалімдердің еңбек өнімділігін арттырады.