
ОТБАСЫ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Өскеменде «Жұмыс орындарында отбасыға қолайлы саясатты нығайту» атты халықаралық конференция өтті. Іс-шараға мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық серіктестер, жұмыс берушілер, кәсіподақтар, HR-басшылары, қызметкерлер қауымдастығы, зерттеушілер, талдаушылар, қоғамдық ұйымдардың өкілдері және Шығыс Қазақстан облысы оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан маман, еңбекші әйелдер істері жөніндегі комиссия төрағасы Асель Зиядабек қатысты.
Конференцияның мақсаты - мемлекет, жұмыс берушілер, кәсіподақтар мен сарапшылардың арасында жұмыс өмірінің сапасына, өнімділікке және экономиканың тұрақтылығына әсер ететін негізгі институт ретінде отбасын қолдау мәселелері бойынша жүйелі диалог құру болды.
Шарада отбасының қоғамдағы рөлі, оның адамның еңбекке деген көзқарасы мен жұмыс сапасына әсері кеңінен сөз болды және еңбек әулеттерін сақтау, жұмыс орнында моральдық-психологиялық қолайлы орта қалыптастыру, отбасы жағдайын ескеретін цифрлық қызметкер картасын енгізу секілді ұсыныстар да айтылды.
Конференция қорытындысы бойынша қатысушылар іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді және еңбек саласындағы достық отбасылық саясатты одан әрі дамыту мақсатында өзара іс-қимылды жалғастыруға және күш-жігерді үйлестіруге дайын екендіктерін білдірді. Қатысушылар отбасылық-бағдарланған саясатты нығайтуға ықпал ететін тәжірибелерді одан әрі дамыту мен таратудың маңыздылығын атап өтті.
-
Фотографии
-