
ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ТІРЕГІ – ЕҢБЕКСҮЙГІШ ЖАНДАР
Қоғамға қалтқысыз қызмет етіп келе жатқан еңбек адамын бағалау – әрбір адамның азаматтық борышы. Өмірдің шынайы көркі мен берекесі осындай жандардың тынымсыз тірлігі мен төккен терінде. Солардың бірі - Гүлнар Құдабаева.
2011 жылдан бері «Есет мектеп-бөбекжай» кешенінде кіші қызметкер (еден жуушы) ретінде адал еңбек етіп келеді.
Ұжымдастарына жауапкершілігі мол, еңбекқор жан ретінде танылған Гүлнар Салиқызы мектеп өміріне белсене араласып, бірнеше алғыс хаттармен марапатталған.
Ол тек еңбек адамы ғана емес, өнерлі ана, ақылгөй әже, жан-жақты тұлға. Еңбегімен еленген жанға шынайы алғыс пен құрмет арнау – үлгі боларлық іс.
Маңғыстау облысы, Бейнеу аудандық филиалы