
БІЛІКТІ ДЕ ІСКЕР ҰСТАЗ
Білім – ұлттың болашағы, ал ұстаз – сол болашақтың сәулесін жаққан шамшырағы! Осындай абыройлы да жауапты миссияны жүрек қалауымен, шынайы ықыласпен атқарып жүрген – Н.А. Ахмадеева атындағы №112 орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі, Дүйсенова Ақбота Бахытқызы.
Жас маман болса да Ақбота Бахытқызы қазіргі таңда өзінің еңбегімен, жаңашылдығымен, шәкірттерге деген жанашырлығымен көзге түсіп келеді. Ұстаздық жолында небәрі 4 жыл еңбек етсе де, оның қол жеткізген кәсіби нәтижелері зор.
Ақбота Бахытовна әр сабағында оқушылардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін арттыруға, функционалдық сауаттылығын дамытуға, биология пәніне қызығушылықтарын оятуға бағытталған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданады. Оның әрбір сабағы – таным мен зерттеуге жол ашатын қызықты саяхат .
Шәкірттерінің жетістіктері – ұстаз еңбегінің айқын жемісі:
10-сынып оқушысы Жумабекова Динара республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінде І орын
7-сынып оқушысы Сақтағанова Аружан «ЗЕРДЕ» жобалар байқауының қалалық кезеңінде ІІІ орын.
Жумабекова Динара «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициясының облыстық кезеңінде ІІІ орын иеленді.
Сонымен қатар, Ақбота Бахытқызы өзі де кәсіби тұрғыда үздіксіз даму үстінде:
9-сынып оқушыларына арналған қорытынды аттестаттау материалдарын әзірлеу тобының мүшесі
Педагогикалық идеялар фестивалінің қалалық кезеңі қатысушысы, алғыс хат иегері
Жасанды интеллектіні биология пәнінде қолдану тақырыбындағы облыстық жоба қорғауға қатысушы, TEDx форматында қорғаған қатысушы
Ақбота Бахытовна – тек білім беріп қана қоймай, әрбір оқушыны адамгершілікке, еңбекқорлыққа және ізденіске баулитын, өз ісінің маманы. Мұндай білікті де іскер ұстазды марапатқа ұсыну – үлкен мәртебе әрі әділетті баға!
Қызылорда облыстық ұйымы