
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НӘТИЖЕСІ
19 мамыр күні Түркістан қаласына Түркия Республикасы Burdur Lisesi директоры Ахмет Демирел келіп, Түркістан облыстық ұйымының төрағасы Жандос Шайдулламен кездесті.
Кездесу барысында Ахмет мырза Burdur Lisesi жайлы қызықты мәліметтермен бөлісіп, екі ел арасындағы білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім саласындағы кәсіподақ ұйымдарының ықпалы туралы пікір алмасып, алдағы уақытта бірлескен жобалар аясында жұмыс жүргізу мүмкіндіктері талқыланды.
Түркістанның тарихи-мәдени нысандарымен, соның ішінде Қожа Ахмет Ясауи кесенесімен және жаңадан бой көтерген мәдени кешендермен танысты. Сонымен қатар, кәсіподақ ұйымының өңірдегі қызметі мен жетістіктері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Атап өту керек, бұл кездесу Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы мен Түркия Республикасының “Türk Eğitim-Sen” білім кәсіподағы арасындағы әріптестік байланыстардың нәтижесі.