
БЕЛСЕНДІ КӘСІПОДАҚ МҮШЕЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН ТАҒЫЛЫМДЫ ШАРА
Оқу жылының қорытындысы ретінде Ақтөбе облысының Байғанин ауданының мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының белсенді жас кәсіподақ мүшелері ерекше сыйға ие болды. Байғанин аудандық білім қызметкерлері кәсіподағының ұйымдастыруымен олар қасиетті Маңғыстау өңіріне танымдық-демалыс сапарына аттанып, өлкедегі тарихи-мәдени және табиғи ескерткіштерді тамашалап қайтты.
Саяхат барысында қатысушылар Жібек жолы бойындағы көне мекендермен танысып, ерекше орындарға барды.
Белсенді кәсіподақ мүшелері өздеріне көрсетілген құрмет пен қолдауға шынайы алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да білім беру саласының дамуына белсене атсалысуға ниетті екендерін жеткізді.
Бұл саяхат – тек саяхат емес, сонымен қатар жас мамандардың ынтасын арттырып, бірлік пен достықты нығайтқан тағылымды шара болды.
-
Фотографии
-