
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Ұстаз- жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы. Бала бойына білім мен қатар тәрбиені ұштастыра отырып абыроймен қызмет етіп жүрген ұстаз - Қызылорда қаласы, 212 мектеп-гимназиясының химия пәні мұғалімі Тимурқызы Айжан.
Айжан Тимурқызы 2014 жылы Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін үздік дипломмен бітіріп, ұстаздық қызметін бастаған. Қазіргі таңда еңбек өтілі - 11 жыл. Педагог-зерттеуші.
Ол шәкірт бойындағы шамшырақтарын жаға отырып, үлкен өмірге қадам басуға дағдыландыруда. Осы мақсатта оқушыларын түрлі білім сайыстарына қатыстыру үстінді.
Шәкірттері түрлі халықаралық, республикалық, облыстық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалардың жеңімпазы. ҰБТ - ға дайындауда тәжірбиесі мол ұстаз.
Айжан Тимурқызы- түрлі кәсіби байқаулардың жеңімпазы. “Үздік химия пәні мұғалімі-2018”, “Үздік педагог-2024”, “Үздік қысқа мерзім жоспар-2023”, “Үздік авторлық бағдарлама-2024”. сияқты облыстық, республикалық байқауларда жеңіс тұғырынан көрінген.
Үлгілі, өнегелі, өмір тәжірибесі бай адам ғана ұстаз бола алады. Осылай тәжірбиесімен бөлісіп жүрген Айжан Тимурқызының еңбегі көпке үлгі.