
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Сараман Аслан Жанболатұлы – Қызылорда облысы, Қазалы ауданындағы №249 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі. Ол республикалық «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» байқауының және NIS педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған облыстық жас ұстаздар байқауының жүлдегері.
Облыстық деңгейде «Үздік жас маман – 2022» байқауының жүлдегері атанып, ғылыми-әдістемелік іс-шараларға белсене қатысып келеді. Республикалық, облыстық және аудандық семинарларда баяндамалар жасап, бірнеше мәрте арнайы Алғыс хаттарға ие болды.
Оқушылары «Менің кіші Отаным» атты тарихи-танымдық байқаулардың аудандық және облыстық кезеңдерінің жүлдегерлері, сондай-ақ 5–6 сыныптарға арналған пәндік олимпиаданың және ауыл мектептерінің оқушыларына арналған пәндік олимпиадалардың облыстық кезеңінің жеңімпаздары.
Жас ұстаз өз тәжірибесін аудандық, облыстық, республикалық деңгейде таратып жүрген жаңашыл әрі талапты маман. Шәкірттерінің ғылым мен білімге деген қызығушылығын арттырып, болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына зор үлес қосып келеді. Бүгінгі жас маман болашақтың жарқын ұстазы, өз ісінің шебері деуге толық негіз бар.