
«TEAM BUILDING» КӘСІПОДАҚ БЕЛСЕНДІЛЕРІ АРАСЫНДА
Салалық кәсіподақтың 100 жылдығы аясында «Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы тимбилдинг ұйымдастырды.
Шараға білім беру мекемелеріндегі бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары қатысты.
«Кosем» демалыс орнында өткен шарада Талдықорған қалалық кәсіподақ филиалының төрайымы Айым Ерікқызы ұстаздар қауымының бос уақытын тиімді өткізу үшін жасалып жатқан бұқаралық шараның бірі екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Кәсіподақ төрағалары топқа бөлініп, арқан тарту, волейбол, арқаннан секіру, теннис ойыны т.б. спорт түрлерінен бақ сынады.
Жарыс жолында қарсылас болғанмен, өмірде әріптес педагогтар өзара тәжірбиелерімен бөлісіп, достық қарым-қатынасын нығайты.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-