
ЕҢБЕКТЕН – ЗЕЙНЕТКЕ
Ағымдағы жылдың 26 мамыр күні Мойнақ ауылындағы №23 орта мектепте ұзақ жылдар бойы табанды еңбек еткен мұғалімдер, кәсіподақ мүшелері - Б.Ержанова және Д.Молжігітова зейнеткерлікке шығуларына орай сый-құрмет көрсетілді.
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалының төрағасы А.Ерікқызы арнайы шараға қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, бағалы сыйлықтар табыстады.
Кеш барысында ұстаздардың жастық шақтары туралы үзінді бейнематериалдар көрсетілді. Әсем әндер шырқалып, жылы лебіздер мен тілектер айтылды.
Шара барысында №23 орта мектеп директоры Д.Өтепбергенов сөз алып, ұжым атынан зейнеткер –ұстаздарды құттықтап, алғысын білдірді.
Еңбектеріңіз еленіп, құрметті демалысқа шыққан қуаныштарыңыз құтты болсын!
«Оқу-ағарту, бюджеттік ұйымдар, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің «Жетісу» жергілікті кәсіподағы» ҚБ Талдықорған қалалық филиалы
-
Фотографии
-