
КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМДАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы білім беру ұйымдарында еңбек жағдайлары мен кәсіподақ қызметінің жүргізілу барысын зерделеу мақсатында қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді. Бұл шараны аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымының төрағасы Мұхамбетдин Ордабаев бастауыш кәсіподақ ұйымдарымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Қоғамдық бақылау жұмыстары Дмитриевка және Шевченко негізгі мектептерімен қатар, Байтұрасай, Қызылжар, Бөрте, Аққайың, Қаратоғай, Родниковка және Хазрет жалпы орта білім беру мекемелерінде өтті.
Іссапар барысында кәсіподақ жетекшісі білім беру ұйымдарындағы еңбек жағдайларын саралап, ұжымдық және еңбек шарттарының орындалу деңгейін тексерді. Сонымен қатар, іс-қағаздардың заң талабына сай жүргізілуіне және педагогтардың әлеуметтік құқықтарының сақталуына ерекше назар аударды.
Кәсіподақ тарапынан еңбек ұжымдарына әдістемелік көмек көрсетіліп, заңнамалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл шаралар мұғалімдердің еңбек құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында маңызды қадам болып отыр.
-
Фотографии
-