
ӨЗІ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жетесова Қарлығаш Абнаимқызы – өз ісінің шынайы шебері. Ақтөбе облысы, Алға ауданы, Тоқмансай орта мектебінде 1996 жылдан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан ұстаз – педагог-зерттеуші, оқу ісі жөніндегі директордың ІІ санатты орынбасары.
Қарлығаш Абнаимқызының ұстаздық жолындағы 29 жылдық тәжірибесі оның кәсіби шеберлігінің, табандылығы мен жаңашылдығының айқын дәлелі. Ол шәкірт жүрегіне жол таба білетін, шығармашылық қабілеті жоғары, білім мен тәрбиені ұштастыра алатын білікті педагог.
Ұстаз еңбегі облыстық және республикалық деңгейде жоғары бағаланып келеді. Оның шәкірттері түрлі байқаулар мен олимпиадаларда жүлделі орындар алып жүр. Қарлығаш Абнаимқызы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға ерекше көңіл бөліп, олардың ішкі әлеуетін ашуға бар күшін салады.
Педагогтың әдістемелік мақалалары мен ашық сабақтары түрлі басылымдарда жарияланып, кәсіби ортада оң бағасын алуда. Сонымен қатар, ол авторлық әдістемелік құралдар мен электронды ресурстар әзірлеп, заманауи білім беру үдерісіне өз үлесін қосып келеді.
Ұстаздың еңбегі Ақтөбе облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасы мен Алғыс хаттарымен марапатталған.
Қарлығаш Абнаимқызы – жаңашыл, талапшыл әрі ізденімпаз ұстаз. Оның басты жетістігі шәкірттерінің табысы мен адами қалыптасуы. Мұндай ұстаз білім саласының шынайы мақтанышы.