
ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТЕР ЖӘНЕ КӘСІПОДАҚ КӨШБАСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ
Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Тұғыл мәдениет үйінде ШҚО оқу-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағының құқықтық сұрақтары бойынша бас маманы И.Соколов, ұйымдастыру жұмысы бойынша бас маманы А.Қонақбаева аудан мектептерінің директорлары мен кәсіподақ төрағаларымен кездесу өткізді. Кездесуге Тарбағатай ауданы білім бөлімінің басшысы С.Дауытбаева және аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Искаков қатысты.
Кездесу басында жергілікті кәсіподағының қызметі, бағыттары, жоспарлары туралы ақпарат берілді. Шара барысында білім беру ұйымдарының қызметкерлерін толғандырған бірқатар маңызды мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, еңбек заңнамасы, зейнеткерлердің мәселесі, кәсіподақ мүшелерінің әлеуметтік кепілдіктері, еңбек жағдайларын жақсарту, еңбек демалыстары және басқа да өзекті мәселелер көтерілді. Кәсіподақ өкілдері әрбір сұраққа толыққанды жауап беріп, қажетті кеңестерін ұсынды.
С.Дауытбаева мен Е.Искаков өз сөздерінде аудандық білім беру ұйымдарындағы кәсіподақ жұмысының маңыздылығын атап өтіп, кәсіподақ ұйымдарының қызметін қолдауға дайын екендіктерін білдірді. Олар кәсіподақтардың білім беру қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту жолындағы жұмысын жоғары бағалады.
Шара соңында «Асусай мектеп-балабақша кешені» КММ бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Қызырбекова Айтолқын Болатбекқызына 2025 жылғы 22 мамырдағы Атқару комитетінің №º5 қаулысы негізінде Астана қаласында өтетін Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезінде Шығыс Қазақстан облысы оку-ағарту, жоғары білім, ғылым және басқа бюджеттік ұйымдар қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы атынан делегат ретінде қатысуға жолдама тапсырылды.
Айтолқын Болатбекқызының Кәсіподақтар федерациясының XXVII съезіне делегат ретінде қатысуы - Тарбағатай ауданының білім беру саласындағы кәсіподақ жұмысының жемісті нәтижесі. Бұл жас маманның кәсіподақ қызметіне қосқан үлесінің жоғары бағаланғанының көрінісі. Кәсіподақ ұйымдарының жас буынға қолдау көрсетуі - болашаққа деген сенімді нығайтады. Айтолқын Болатбекқызына алдағы съезде лайықты өкілдік етуіне тілектестік білдіреміз. Оның тәжірибесі мен білімі өңірдің білім беру саласындағы кәсіподақ қозғалысын дамытуға септігін тигізеді деп сенеміз.
-
Фотографии
-