
ӨЗ ІСІНІҢ ШЕБЕРІ
Балмасов Руслан Серікқалиұлы – өз ісінің шебері, тәжірибелі және дарынды ұстаз, шығармашыл әрі білікті маман. Жас ұрпақты тәрбиелеуде зор жетістіктерге жетуде.
13 жылдық педагогикалық тәжірибесі бар педагог – сарапшы санатындағы маман. 2012 жылдан бастап арнайы аспап, дирижерлеу пәні ұстазы. Қызылорда музыкалық жоғары колледжінің студенттік халық аспаптар оркестрінің жетекшісі әрі дирижеры. Осыған дейін 10 жыл көлемінде студенттік «Үрлемелі аспаптар» оркестрін басқарды.
Сонымен қатар 2012 жылдан бастап Қызылорда облыстық филармония жанынан құрылған «Тұрмағамбет Ізтілеуов» атындағы ұлт аспаптар оркестр әртісі, 2019 жылдан оркестр дирижері қызметін атқарып келеді.
Шеберлік сынып, ашық сабақ, бірнеше рет оркестрмен, өз оқушыларымен аудан, облыс деңгейінде концерттер беріп келеді. Оқушылары республикалық, халықаралық байқаулардың лауреаттары, жеңімпаздары.
Ол сонымен қатар білімін жыл сайын шыңдап, ізденісте жүреді. Облыстық білім басқармасының Жыл таңдауы – 2018 байқауынан «Шеберлік шыңына шыққандар» номинациясымен марапатталды.
2019, 2022 жылдары Ақтау қаласында өткен Б.Рзаханов атындағы «Сиқырлы таяқша» ІІІ, ІV Республикалық дирижерлар байқауында ІІІ орын иеленіп, лауреат атанды және арнайы жүлдеге ие болды.