
АРДАГЕР ҰСТАЗ - 90 ЖАСТА
Алдыңғы буын ардагерлерге құрмет көрсетіп, олардың тәжірибелі қызметін кейінгі ұрпаққа үлгі ету - маңызды міндет.
Осы игі дәстүрге сәйкес жуырда Орал қалалық кәсіподақ комитеті – Филиалы төрағасы Т.Темешев және қалалық №3 ЖОББМ бастауыш кәсіподақ ұйымы ардагер ұстаз М.Полякованы 90 жасқа толу мерейтойымен құттықтап барды.
Саналы ғұмырын білім саласына арнаған ардагер ұстазға білім саласына қосқан ерен еңбегі үшін алғысын білдіре отырып, кәсіподақ атынан құттықтау хат пен бағалы сыйлықтарын табыс етті.
Кәсіподақ еткен еңбегін ескеріп, ұдайы құрмет пен қошеметке бөлейтінін алға тартқан ардагер ұстаз өз ризашылығын жеткізді.