
КӘСІПОДАҚ - ҰЖЫМ ҰЙЫТҚЫСЫ
Cалалық кәсіподақтың Маңғыстау облыстық ұйымы Ақтау қаласындағы жаңадан ашылған білім ордалары - №16 және №25 жалпы білім беру мектептерінің ұжымымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу мақсаты: қызметкерлердің еңбек құқықтары мен әлеуметтік жағдайларын жақсарту мақсатында бекітілетін басты құжат - ұжымдық шартқа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша және кәсіподақтың міндеті бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Кездесу барысында облыстық кәсіподақ ұйымының төрағасы Т. Баймбетова ұжымдық шарттың рөлі мен 2023-2026 жылдарға арналған Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіптік одағының Маңғыстау облыстық ұйымы арасындағы әлеуметтік әріптестік туралы келісімге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндіріп, аталған құжаттардың артықшылықтары туралы ақпарат берді.
Ақтау қалалық кәсіподақ ұйымының төрағасы К.Еңсегенова ұжым қызметкерлеріне оқу жылының аяқталуына байланысты еңбек демалысы, сауықтыру жәрдемақысы төлемі, жұмыс режимі т.б сұрақтардың туындауына байланысты бірқатар нормативтік құжаттар бойынша түсіндірме жүргізді.
Жиын барысында қойылған барлық өзекті сауалдарға жауап беріліп, ұжым атынан №25 мектеп директоры М.Қадырова бірауыздан кәсіподақ ұйымына кіруге ұсынысын білдірді. Ол осы уақыт аралығына дейін кәсіподақ ұйымымен бірлесе жұмыс істеу барысында құқықтық кеңестер, оқыту семинарлары өткізілгенін, бірлік пен ынтымақтастықты басшылыққа алатын кәсіподақтың қолдаушы, қорғаушы ұйым екендігін атап өтті.
Маңғыстау облысы, Ақтау қалалық филиалы