
ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ МАЗМҰНДЫ ШАРА
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданындағы Майқұдық мәдениет үйінде №14 мектеп-гимназия ұжымы тарихи - тағылымдық мазмұнға толы ерекше мәдени шара өткізді.
Мектеп-гимназия ұжымы, ата-аналары және оқушыларының бірлескен күшімен сахналанған «Ел тұтастығын аңсаған Бұқар»атты мюзикл-спектакль көпшіліктің көңілінен шығып, көрермендерге терең әсер қалдырды.
Бұл тек өнер туындысы емес, тарихтан сыр шертіп, рухты оятатын тағылымды қойылым. Бұқар жыраудың елдік үнін, ұлт бірлігі мен тәуелсіздігін арқау еткен өсиеті сөздерін сахна тілімен жеткізу арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен тарихи сананы сіңіруге бағытталған бұл еңбек, шын мәнінде, құрметке лайық.
Өзара серіктестігі жарасқан Әлихан Бөкейхан атындағы аудандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері кәсіподақ ұйымы (төрайымы М.Хасенова) және қалалық білім бөлімі (басшысы Е.Әшім) шығармашылық ұжымына сертификат табыстап, алғысын білдірді.
-
Фотографии
-