
ЕҢБЕК ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Ақтөбе облысының Темір ауданында білім саласында қызмет атқарып жүрген кіші қызметкерлерге айрықша құрмет көрсетілді. Іс-шараны Темір аудандық білім қызметкерлері кәсіподағы ұйымы ұйымдастырды.
Бұл шара Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығы мен Жұмысшы мамандықтар жылына орай ұйымдастырылды.
Темір ауданында өткен салтанатты шара барысында 70-тен астам техникалық қызметкер Алғыс хаттармен және қаржылай сертификаттармен марапатталды.
Аудандық кәсіподақ ұйымы алдағы уақытта да сала қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту мен құқықтарын қорғауға бағытталған игі бастамаларды жалғастыратынын жеткізді.
-
Фотографии
-